×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Қазақстан Германияға мұнай экспортын арттырады

31.03.2023, 15:49
фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы «ҚазТрансОйл» АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекіткен мұнай тасымалы кестесіне сай, «ҚазТрансОйл» АҚ сәуір айында 100 мың тонна мөлшерінде қазақстандық мұнайды «Дружба» мұнай құбырымен «Адамова застава» мұнай бекеті арқылы әрі қарай Германияға жеткізуді жоспарлап отыр”, – делінген  хабарламада.

Компания мәліметінше, 2022-ші жылдың желтоқсан айында 2023 жылы 1,2 млн тонна қазақстандық мұнайды «Транснефть» ЖАҚ магистралды мұнай құбырымен «Адамова застава» мұнай бекеті арқылы Германияға жеткізуге өтінім берілген. Мұнайдың бұл транзиті Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы келісім шеңберінде жүзеге асады.

Еске сала кетейік, Украинадағы соғысқа байланысты Еуропа елдері Ресей мұнайына эмбарго жариялаған. Ақпан айында Қазақстаннан Германияға 20 мың тонна мұнай жеткізілді. Наурызда да бұл елге дәл осындай көлемде қара алтын экспортталды.

Бұдан бұрын Энергетика министрі Болат Ақшолақов сәуірде Германияға ай сайын 20 мың тонна мұнай жөнелту жоспарланып отырғанын мәлімдеген.

Серіктес жаңалықтары