×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Сайлауалды үгіт-насихатқа партиялар миллиардтаған теңге жұмсаған

03.04.2023, 09:34
Коллаж: Ulysmedia.kz

Қоғам қайраткері және кәсіпкер Санжар Боқаев сайлауалды үгіт-насихат науқанына партиялар қанша ақша жұмсағанын есептеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол партиялардың үгіт-насихат жұмыстарына жұмсаған шығындары туралы мәліметтерді әлеуметтік желілерде жариялады.

Боқаевтың дерегінше, ең көп қаржыны "Аманат" партиясы жұмсаған – 1 049 996 000 теңге. 

 – “Ауыл” – 784 503 200 теңге;

 –  “Республика” – 677 403 000 теңге;

 –  ҚХП – 499 167 200 теңге;

 – “Байтақ” 77 225 100 теңге;

 –  “Ақ жол” – 647 714 800 теңге;

  – ЖСДП – 329 800 000 теңге.

Естеріңізге сала кетейік, ОСК мәліметтері бойынша өткен сайлауда "Аманат" партиясы 52%-дан астам дауыс жинады. Парламент Мәжілісіне барлығы алты партия өтті. Шекті дауыс жинай алмаған "Байтақ" төменгі палатаға өте алмады.

Бұған дейін Алматыда  "Халық парламенті" құрылғаны хабарланған болатын. Оның құрамына Санжар Боқаев, Лұқпан Ахмедьяров, Инга Иманбай, Динара Егеубаева, Мұхтар Тайжан, Әсет Матаев, Арайлым Назарова және басқа да бір мандатты округтер бойынша бұрынғы кандидаттар кірді.

Серіктес жаңалықтары