×
$
447.8
516.76
5.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
447.8
516.76
5.3

Антикордың жаңа басшысы тағайындалды

05.04.2023, 09:35
Антикордың жаңа басшысы тағайындалды
gov.kz

Асхат Жұмағали Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды”, – делінген Ақорда хабарламасында.

Асхат Жұмағали 2022 жылдың 7 наурызынан бері осы агенттікте төрағаның орынбасары болды.

Ал бұған дейін ведомствоны басқарған Олжас Бектенов Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.