×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Күдебаев елден қалай қашып кетті – Шекара қызметінің басшысы жауап берді

05.04.2023, 10:42
Коллаж: Ulysmedia.kz

Мәжіліс кулуарында журналистердің бәрі ел шекарасына жауапты ҚР ҰҚК Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұмановқа бір ауыздан осы сұрақты қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алдажұмановтың сөзінше, Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығының қашуына байланысты шекарада қызметтік тексеру басталған.

“Күдебаев шекарадан ресми өткізу бекеттері арқылы өтпеген. Оның нақты қай жерден заңсыз өткенін анықтау үшін Шекара қызметінде қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл жұмысқа көрші мемлекет те тартылып отыр, Қырғызстанға ресми сұраныс жолдадық. Әлі жауап келген жоқ. Тексеру қорытындысы шыққан соң бәрі белгілі болады”, – деді ол.

Бұдан бұрын Ulysmedia.kz Серік Күдебаевтың сот үкімі шықпай тұрып Қазақстаннан қашып кеткенін хабарлаған болатын. Тілшілеріміз экс-шенеуніктің 23-24 наурыз күндері Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өтіп, Бішкекке арқылы Түркияға жол тартқанын анықтады. Оған халықаралық іздеу жарияланды.

Еске салайық, Күдебаев «ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік» үшін айыпталған. Тергеушілердің мәліметінше, қаңтар оқиғасы кезінде Күдебаев Алматы облысының коменданты бола тұрып, полиция департаменті ғимаратынан шығып кеткен. 

Күдебаевтың соты биылғы жылдың қаңтарында басталды.

28 ақпандағы сот отырысында мемлекеттік айыптаушы судьядан күдікті Серік Күдебаевты тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Айыпталушының ауруханаға түсіп қалуына байланысты сот отырысы алғаш рет 10 наурызда кейінге шегерілген болатын.

Үкім шығарылады деп жоспарланған 16 наурыздағы сот отырысы да өтпей қалды.  Жетісу облыстық сотының ресми өкілі 27 наурыздағы отырыс та кейінге шегерілгенін мәлімдеген.

Күдебаев 30 наурызға жоспарланған отырысқа де қатыспағандықтан, оны сотқа мәжбүрлі түрде жеткізу туралы шешім қабылданған болатын.

Серіктес жаңалықтары