Арон Атабектің қызы Айдана Айдархан инстаграм парақшасына әкесінің денсаулық жағдайы туралы жазды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
«Сіздердің авторитарлық режиммен күресуші Арон Атабекті қолдағандарыңыз үшін және онымен кездескілеріңіз келетіні үшін алғыс айтамыз. Бірақ оның денсаулық жағдайына байланысты бірнеше күн немесе бірнеше апта тыныштық керек. Қазіргі уақытта, оның үстіне коронавирус пандемиясы кезінде үйге келіп немесе жеке кездесуді сұрап мазаламауларыңызды сұраймыз», - деп жазылған Айдана Айдарханның инстаграм парақшасында.
Еске сала кетсек, бұған дейін саяси диссидент, ақын Арон Атабек түрмеден шығып, Алматыға ұшып келгені туралы жазған болатынбыз.