×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Алматы әуежайының сауда алаңдарын жеке тұлғалар заңсыз иемденіп алған

07.04.2023, 10:03
Алматы әуежайының сауда алаңдарын жеке тұлғалар заңсыз иемденіп алған
inbusiness.kz

Алматы халықаралық әуежайы жолаушылар терминалының коммерциялық үй-жайларын жеке тұлғалардың пайдасына заңсыз иеліктен шығарғаны анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы мәлім етті.

“2003 жылы «Имстальком» АҚ Алматы қаласы әкімдігінің тапсырысы бойынша жаңа жолаушылар терминалын салды. Құрылыс аяқталғаннан кейін жаңартылған терминалдың сауда алаңдарының бір бөлігі мердігерге шарт бойынша 333 млн теңге мөлшерінде қалған соманы өтеу есебіне өтті.  Сонымен қатар, Ішкі мемлекеттік аудиттің нәтижесі бойынша құрылыс салушы алдында қандай да бір берешек болмағаны белгілі болды”, – деп хабарлады ведомство.

Әкімдікке осы объектілерге меншік құқығын қайтару үшін авиациялық көлік прокуратурасы Түрксіб аудандық сотына жауапкер А. Бақтиярқызына жалпы ауданы 1 118,5 ш.м. жолаушылар терминалының коммерциялық үй-жайларын иеліктен шығаруға байланысты барлық мәмлелерді жарамсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінген.

Соттың 2022 жылғы 29 желтоқсандағы шешімімен прокуратураның талап-арызы толық көлемде қанағаттандырылды. Сот актісі биылғы жылдың 13 наурызында күшіне енді.

“Бүгінгі таңда соттың шешімін орындау аясында меншік құқығын Алматы қаласы әкімдігіне тіркеу «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ бойынша, ал Әділет департаментімен объектілерді мемлекет пайдасына тікелей беру жұмыстары басталды”, – делінген прокуратура хабарламасында.