×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы қаншалықты өсті

07.04.2023, 15:08
Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы қаншалықты өсті
kazpravda.kz

Ұлттық банк төрағасы төрағасы Ғалымжан Пірматов биылғы қаңтар-ақпанда ел экономикасы 4,3 пайызға өскенін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазақстан экономикасы 2023 жылғы қаңтар-ақпан айларында 4,3 пайызға өсті. Бұл Ұлттық банктің осы жылға белгілеген 3,5-4,5 пайыз деңгейіндегі болжамдарына сәйкес келеді. Нақты сектор 2,7 пайызға, ал қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділік 5 пайызға өсті. Биылғы ақпан айында тұтыну тауарларын өндіру көлемі едәуір артты. Құрылыс жұмыстарының құрылымында көп пәтерлі тұрғын үйлерді пайдалануға берудің артқаны байқалады. Ішкі сұраныс – тұрақты. Бұл бөлшек тауар айналымының оң динамикасынан көрініп отыр», - деді ҰБ басшысы.

Оның дерегінше, қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша, бөлшек тауар айналымы нақты мәнде 12,9 пайызға өсті.

«Өткен жылдың төмен базасына қарамастан, автомобиль, электрлік тұрмыс техникасы, азық-түлік өнімдері мен киім-кешек сату да бөлшек тауар айналымының ұлғаюына әсер етті», - деді Пірматов.

Айта кетейік, қаңтарда Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақтан тыс елдерге жөнелтетін экспорты азайып, импорты артқан.