×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Жаңаөзенде адамдар неге ұсталып жатыр – Бас прокуратура жауап берді

12.04.2023, 10:04
Жаңаөзенде адамдар неге ұсталып жатыр – Бас прокуратура жауап берді
ulysmedia.kz

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Жаңаөзенде тұрғындардың ұсталуы Астанадағы оқиғамен байланысты еместігін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Бүгін таңертең Жаңаөзенде 40-қа жуық адам жолды жауып, көліктердің қозғалысына кедергі келтірген. Олар өздерін жұмысқа орналастыруды талап етті. Жолды жабушылар полиция бөліміне жеткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілгеннен кейін, үйлеріне жіберілді. Ешкім жауапкершілікке тартылған жоқ”, – деді Бас прокурордың орынбасары.

Еске салайық, бұдан бұрын әлеуметтік желілерде Жаңаөзенде көшеге шыққандарды жаппай ұстау жалғасып жатқаны жайлы видео тараған.