×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

"Олар күдікті емес": Бас прокуратура СҚО-дағы сепаратизмді насихаттаушылар жайлы

12.04.2023, 11:21
"Олар күдікті емес": Бас прокуратура СҚО-дағы сепаратизмді насихаттаушылар жайлы
видеодан кадр

Солтүстік Қазақстан облысында сепаратизмді насихаттауға қатысты тергеу аясында 18 адамнан жауап алынып жатыр. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Қылмыстық кодекстің 180-бабы, 2-бөлігіне сәйкес «БАҚ-ты пайдалана отырып адамдар тобы арасында сепаратизмді насихаттау» бойынша қылмыстық іс қозғады. Қылмыстық іс шеңберінде тұрғылықты жерлері мен жұмыс орындарында тінту жүргізілді. Тәркіленген видеотасымалдаушы сондай-ақ әлеуметтік желілердегі сюжет бойынша сараптама тағайындалды», - деді Жандос Өмірәлиев Мәжіліс кулуарында.

Оның сөзінше, сараптаманы Әділет министрлігінің қызметкерлері жүргізеді, одан кейін әрбір қатысушының іс-әрекетінің біліктілігі бойынша қорытынды жасалады және бұлтартпау шарасы таңдалады.

«Олардың мәртебесі күдікті емес, дегенмен 18 адамнан жауап алынуда», – деді Бас прокурордың орынбасары.

Еске салайық, жуырда өздерін Петропавл тұрғындарымыз деп таныстырған бір топ адам Қазақстаннан «тәуелсізбіз» деп мәлімдеме жасап, Халық Кеңесі құрылғанын жариялады. Олар Қазақстан Республикасын «корпорация» деп атап, оның құқықтық негіздерін жоққа шығарды.

Бұдан бұрын Мәжіліс депуттаттары аталған тұлғаларға қатысты Бас прокурорға хат жолданатынын мәлімдеген.

Көп ұзамай Бас прокуратура СҚО-дағы сепаратизмді насихаттау ісіне қатысты тергеу басталғанын хабарлады.