×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Мотор майын сатушы қазақ тілінде толық ақпарат ұсынбағаны үшін жазаланды

14.04.2023, 08:44
Мотор майын сатушы қазақ тілінде толық ақпарат ұсынбағаны үшін жазаланды
фото: ашық дереккөзден

ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің ШҚО бойынша департаментіне техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келмейтін мотор майын сату бойынша Кешенді қоғамдық мониторинг орталығы өтініш білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Өтініш негізінде мотор майларын сатушыға қатысты жоспардан тыс мемлекеттік бақылау жүргізілді. Тексеру барысында мотор майлары тұтынушы үшін мемлекеттік тілде толық емес ақпаратпен сатылғаны анықталды.

“Әкімшілік іс жүргізуді қарау нәтижесі бойынша КО ТР 030/2012 "Майлау материалдарына, майларға және арнайы сұйықтықтарға қойылатын талаптар туралы" талаптарын бұзғаны үшін кәсіпорын ҚР ӘҚБтК 415-бабы 1-тармағының 1-тармақшасы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл салынды”, – делінген департамент хабарламасында.