Күн райының қолайсыздығына байланысты Астанадан Щучье қаласына дейінгі жол жабылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, қар, көктайғақ) «Астана-Петропавл» тасжолының Астана қаласынан Щучье қаласына дейінгі аралығы автокөліктің барлық түрі үшін жабық» деп жазды ҚазАвтожол баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, қазіргі сәтте жолшылар жаңа жауған қарды тазалап, жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар сеуіп жатыр.