×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанда мұқтаждарға атаулы әлеуметтік көмек беру тоқтатыла ма

19.04.2023, 15:37
Қазақстанда мұқтаждарға атаулы әлеуметтік көмек беру тоқтатыла ма
фото: ашық дереккөзден

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәжілісмендердің атаулы әлеуметтік көмекті алып туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жуырда Мәжілістегі Қазақстан халық партиясы фракциясының мүшелері атаулы әлеуметтік көмекті алып тастап, оның орнына ай сайын әр балаға 70 мың теңге жәрдемақы төлеп тұруды ұсынған болатын.

Дүйсенованың пікірінше, жәрдемақының аталған түрін тоқтатуға болмайды.

«Атаулы әлеуметтік көмекті тоқтатуға болмайды. Бізде көмек алып отырған отбасылар бар. Олардың қатарында жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ азаматтар да бар. Сондықтан оларға атаулы әлеуметтік көмекті беру керек. Алайда АӘК-тің механизмін жетілдіру бойынша депутаттармен бірге жұмыс істейміз», - деді министр.

Айта кетейік, 2023 жылғы қаңтар айында көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы 532,6 мың отбасына төленген.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бұл мемлекеттік жәрдемақыны 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. Көпбалалы отбасылардағы:

- 4 баласы бар отбасыларғы – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;

- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;

- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;

- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;

- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК. Яғни, 10 баласы бар қазақстандық отбасы 138 000 теңге жәрдемақы алады.