×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Қазақстан Тәжікстанның сауда серіктестері арасында бірінші орынға шығуы мүмкін

04.05.2023, 11:43
Ақорда

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен Ақордада өткен кеңейтілген құрамдағы келіссөз кезінде осындай болжам айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Дипломатиялық қатынастардың отыз жылында әріптестіктің барлық салаларында елеулі жетістікке жеткеніміз қуантады. Бұл процестің дамуына екі арада үнемі жүріп жатқан саяси диалог сөзсіз ықпал етеді. Бұл аралықта мемлекетаралық өзара әркеттестік қатынастың қажетті тетіктері мен салмақты құқықтық базасы қалыптасты. Бүгін сол базаны жаңа құжаттармен толықтырамыз», – деді Тәжікстан басшысы.

Сондай-ақ, Эмомоли Рахмон екі арадағы сауда-экономикалық әріптестікке тоқталды.

«Қазақстан Тәжікстанның сыртқы сауда құрылымында талайдан бері жетекші орынды ұстап тұр. Сіздің Тәжікстанға жасаған ресми сапарыңыз кезінде өзіңізбен жыл сайынғы тауар айналымының көлемін 2 млрд долларға дейін жеткізуге келіскен болатынбыз. Сол аталған міндеттер жоспарға сай іске асып жатқаны қуантады. Қазақстан бүгінде Тәжікстанның сауда серіктестерінің арасында екінші орында тұр. 2023 жылдың қорытындысы бойынша осы көрсеткіш бойынша бірінші орынға шығуы мүмкін. Оған орасан мүмкіндіктер бар», - деді Тәжікстан Президенті.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды елорда әуежайында қарсы алған болатын.

Серіктес жаңалықтары