×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Әлемде гибридті соғыс жүріп жатыр – Тоқаев

05.05.2023, 15:31
geopolitika.ru

Бүкілармиялық кеңес отырысында президент әскери білім және ғылым жүйесін дамыту мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Әскери білім және ғылым жүйесін дамыту – аса маңызды міндет. Әскери академиялар, институттар әлемдік стандарттарға сай болуға тиіс. Осы саладағы жоғары оқу орындарының материалдық базасын нығайту керек. Сондай-ақ оқу бағдарламасын заман талабына сай бейімдеу қажет. Әскери мамандар даярлау үшін басқа да жоғары оқу орындарының мүмкіндігін кеңінен пайдаланған жөн. Ректорлар студенттердің жауынгерлік дайындығына тікелей жауапты болуға тиіс. Әскери қауіпсіздік мәселесі ғылыми тұжырымға сүйенуі керек. Яғни, ғылыми-зерттеу жұмысына басымдық беру қажет», – деді мемлекет басшысы.

Президент әскери оқу орындары қорғаныс саласындағы кәсіпорындармен тығыз байланыс орнатуы керектігін айтты.

«Қазіргі қақтығыстардың сипаты мүлде бөлек. Әлемде гибридті соғыс жүріп жатыр. Сондықтан Қарулы Күштердің зияткерлік қабілетін арттыру – өте маңызды міндет. Білім мен тәрбие әрдайым бірін-бірі толықтырып отыруы қажет», – деді Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары