×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Барлық міндетті орындадық – Қорғаныс министрлігі Қаңтардағы әскерилердің әрекеті жайды

05.05.2023, 16:41
AP

Қорғаныс вице-министрі Сұлтан Қамалетдинов қаңтар оқиғалары кезіндегі әскери іс-қимылдар туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сұлтан Қамалетдинов журналистердің қаңтар айындағы оқиғалар мен әскерилердің әрекеті туралы сұрағына жауап берді.

"Бұл жағдайды әр түрлі бағалауға болады. Бірақ қаңтардағы оқиғаларда қарулы күштер олардың алдында тұрған барлық міндеттерді орындады. Бұл мемлекеттік маңызы бар объектілерді, стратегиялық объектілерді қорғауды күшейту. Қарулы күштердің бірде-бір нысаны басып алынған жоқ. Барлық тапсырмалар орындалды",  –  деді ол.

Журналистер сонымен қатар қаңтардағы оқиғалар кезінде әскерилердің жұмысын 10 балдық шкала бойынша бағалауды сұрады.

"Біздің Қарулы күштерімізді мемлекет басшысы бағалайды. Мен баға бере алмаймын. Менің ойымша, бұл (ҰҚШҰ одақтастарының көмегіне жүгіну-ред.) жағдайдың өте ауыр болғанын көрсетеді, сондықтан мемлекет басшысы бұл шешімді қабылдады", - деді спикер.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың басында Қазақстанда Жаңаөзенде газ бағасының көтерілуіне наразылық білдіруден басталған жаппай тәртіпсіздіктер елдің бірнеше қаласында болды. Оларды басу үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ елдерінің қарулы күштерін шақырды. Қазақстан билігі тәртіпсіздіктер үшін "террористерді" айыптады. Қаңтар оқиғалары кезінде 238 адам құрбан болды. 

Серіктес жаңалықтары