×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Қазақстанның шекара қызметі ресейлік депутатты елге кіргізбей қойды

22.05.2023, 11:19
abai.kz

Қазақстанға жиі ақпараттық шабуыл жасайтын Ресей Мемлекеттік думасының депутаты Константин Затулинді Шекара қызметі елімізге кіргізбей қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "РБК"-ға сілтеме жасап.

"Депутат Затулин шамамен бір жыл бұрын Тоқаевтың ДХР мен ЛХР-ді мойындамайтыны туралы мәлімдемесіне жауап ретінде "егер достық болмаса,ол жақта да  Украинадағыдай болуы мүмкін" деген еді. Енді депутатты Қазақстанға кіргізбеуге тырысқан", - деп жазды басылым. 

Депутаттың өкілдері жағдайды "оның Қазақстанға сапарының ұнамсыздығымен" түсіндірді. Затулинді паспорттық бақылау аймағы арқылы өткізбегені атап өтілді, алайда депутаттың Қазақстанға қандай мақсатпен келмекші болғаны белгісіз.

"Кейбір қиындықтар йдмен Ресей СІМ-нің жағдайға араласуынан кейін мәселе шешілді", – деді Затулиннің баспасөз қызметі мән-жайды толық түсіндірмей.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 17 маусымда Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумында (ПМЭФ) президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан "Донецк Халық Республикасы" және "Луганск Халық Республикасының" (Украинадан тәуелсіздігін мойындамайтынын мәлімдеді. Сонымен бірге ол Ресей депутаттары мен жекелеген медиа тұлғалардың Қазақстанға қарсы орынсыз шабуылдарына наразылық білдірді. Алайда, келесі күні – 18 маусымда Затулин Тоқаевтың ДХР мен ЛХР-ді мойындамағаны туралы сөздерінен кейін Қазақстанды "Украинадағыдай" шаралармен қорқытты. Кейінірек, Ресей Сенатының вице-спикері Андрей Турчак депутатты ойланып сөйлеуге шақырды.

Серіктес жаңалықтары