×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Бір ғана шарт бар: Армения Таулы Қарабақты Әзірбайжан жері деп тануға дайын

22.05.2023, 16:44
Бір ғана шарт бар: Армения Таулы Қарабақты Әзірбайжан жері деп тануға дайын
armeniasputnik.am

Армения Таулы Қарабақты Әзірбайжанның бір бөлігі деп тануға дайын. Никол Пашинян осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Новости-Армения” порталының жазуынша, баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде Армения премьер-министрі Никол Пашинян 86,6 мың шаршы шақырымды Әзірбайжан аумағы деп мойындауға дайын екенін айтқан.

 

"Егер бұл мәселеде бір-бірімізді дұрыс түсінетін болсақ, онда Армения Әзірбайжанның 86,6 мың шаршы шақырымдық аумақтық тұтастығын мойындауға дайын, ал біздің түсінігіміз бойынша Әзірбайжан Арменияның 29,8 мың шаршы шақырымдық аумақтық тұтастығын мойындауға дайын. 86,6 мың шаршы шақырымға Таулы Қарабақ та кіреді. Бірақ Таулы Қарабақ халқының құқықтары мен қауіпсіздігі мәселесі Степанакерт-Баку диалог форматында талқылануы тиіс", – деді ол.

Пашинян осы келіссөздердің халықаралық кепілдіктерін құрудың маңыздылығын атап өтті.