×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Қазақстанда зиянды тағамдарға салық салу ұсынылды

24.05.2023, 13:06
фото: ашық дереккөзден

Депутат Магеррам Магеррамов Мәжілістің жалпы отырысында зиянды тамақ өнімдеріне салық енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжілісмен елімізде жидектер мен саңырауқұлақтарды жинауға салық салу бастамасын сынға алды.

"Елде барлық маңызды істер мен міндеттер орындалып, тек саңырауқұлақтар мен жидектер мәселесі қалғандай. Жидектер мен саңырауқұлақтарды жинау әрдайым маусымдық іс болып табылады, және мұнымен ата-әжелер, олармен бірге немерелер, яғни әдетте 6-дан 60 жасқа дейінгілер айналысады. Солардан  салық жинамақсыздар ма? Содан кейін оларға жидекті заңсыз жинағаны үшін айыппұл саласыздар ма? Бұл фактілер жидектер мен саңырауқұлақтарға салынатын салықтың ақылға сыйымсыздығын көрсетеді, оның үстіне аталар мен әжелерден бюджетке көп қаржы түсе қоймайды", - деді ол.

Сонымен қатар, депутат әлемде зиянды азық-түлікке салық салу тәжірибесікең таралғанын атап өтті. Соңғы он жыл ішінде оның айтуынша, мұндай салықтар Дания, Эквадор, Египет, Франция, Венгрия, Мексика, АҚШ және басқа мемлекеттерде енгізілген.

"Көптеген зерттеулер көрсеткендей, "қоғамдық денсаулықты қолдау салығы" өз мақсаттарына жетті. Салықтың осы түрі енгізілген елдерде азық-түлік өнімдерін өндірушілер мен сатушылардың 70%-ы зиянды және қосымша салық салынатын компоненттерді азайтты. Біздің ойымызша, үкімет жидектер сияқты пайдалы тағамдарға емес, зиянды тағамдарға салықты көтеруі керек. Сондықтан біз зиянды өнімдерге салықты қолдану мәселесін қарастыруды ұсынамыз, ал табысы төмен отбасыларға пайдалы өнімдерді сатып алатын ваучерлер беруді ұсынамыз", – деді Магеррамов.

Бұған дейін 2024 жылдан бастап Қазақстанда кез келген аумақта саңырауқұлақтар мен жидектерді жинауға салық енгізілетіні хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары