×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

"Ақордаға кіргізесіз бе?": Тоқаевқа хат жазған бүлдіршіннің арманы орындалды

01.06.2023, 15:02
Ақорда

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай еліміздің барлық өңірінен келген 70-ке жуық оқушыға «Ақорда» резиденциясында экскурсия ұйымдастырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақорданың хабарлауынша, олардың арасында халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, оқу үздіктері бар.



Аталған шара аясында оқушылар резиденцияның бірінші қабатындағы Орталық салтанатты холл мен ресми қабылдаулар өткізуге арналған «Салтанат» залын, түрлі жиындар өтетін «Шығыс», «Мрамор», «Алтын» «Доғал» және басқа да келіссөздер залдарын тамашалады, сондай-ақ кітапхананы аралап көрді.


Бұдан бөлек, оқушылар еліміздің бас ғимараты туралы қызықты деректермен танысты.

Ақорданы аралау бақытына ие болғандардың қатарында жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына хат жазған астаналық 1-сынып оқушысы Асылтас Саяділ де бар. 

Ол резиденцияға ұйымдастырылған экскурсияға арнайы шақырылған.

 

Серіктес жаңалықтары