×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Facebook-те адамдарды «ақымақ» деген баспасөз хатшысы жұмыстан қуылды

07.10.2021, 10:26
Facebook-те адамдарды «ақымақ» деген баспасөз хатшысы жұмыстан қуылды
Фото: Ашық дереккөзден

Өзбекстанда Шыршық қаласы әкімшілігінің баспасөз хатшысы этикалық нормалар мен мемлекеттік қызметші кодексін бұзғаны үшін жұмыстан босатылды, деп хабарлайды uznews.

Фахриддин Кодиров өзбек тілінде сөйлеуге шақырған үнпарақтар тарату туралы жаңалықтарға наразылық білдірген желі қолданушылырмен сөзге келіп қалған.

Facebook әлеуметтік желісі пайдаланушыларымен пікірталасқа түскен ол "ақымақ адамдарға оны түсіну қиын" деп жазды.

Оқиғаға байланысты Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігі хокимият қызметкерінің әрекетіне түсініктеме берді.

«Кейбір баспасөз хатшылары өздерінің тікелей міндеттерін орындаудың орнына өздеріне тән емес іспен айналысатын жекелеген жағдайлар бар, сонымен қатар олар баспасөз хатшыс мен мемлекеттік қызметшіге тән этикалық нормаларды бұзуға жол береді»,-делінген хабарламада.

Агенттіктің пікірінше, Шыршық қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Фахриддин Кодиров әлеуметтік желілерде өз пікірін дұрыс емес түрде білдіріп, қарым-қатынас мәдениетінің жалпы қабылданған шеңберін бұзып, дөрекі сөздер айтқан.

Фото: Фахриддин Кодиров

«Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Шыршық қаласы хокимиятының баспасөз хатшысымен еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкін еместігі туралы шешім қабылданды, өйткені ол өзінің іс-әрекетімен мемлекеттік қызметшінің этикалық нормалары мен кодексін бұзды, сондай — ақ қарым-қатынас мәдениетінің нормаларын басшылыққа алмады», - деді АИМК.

Сондай-ақ, Агенттік барлық баспасөз хатшыларын өз мәлімдемелерінде сақ болуға, өздерінің функционалдық міндеттерін орындауға сабырмен қарауға, сондай-ақ халықтан түсетін сұрауларға жедел жауап беруге шақырды.