×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Брекешев Сүлейменованы вице-министр кезінде экология министрлігінен қууды ұсынған

14.06.2023, 08:12
Коллаж: Ulysmedia.kz

Журналист Михаил Козачков экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменова туралы тың мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Козачков сілтеме жасаған "қызықты құжаттың" авторы – Сүлейменоваға дейін министр қызметін атқарған Серікқали Брекешев.

Құжатта ведомствоның бұрынғы басшысы өзінің орынбасары болған Сүлеймановадан "құтылғысы келетіні" айтылған.

Козачковтың айтуынша, 2022 жылдың желтоқсанында Брекешев Президент әкімшілігіне вице-министр Сүлейменованы қызметінен босату туралы ұсыныс жіберіп, онда "өзінің орынбасарын жұмыстан шығарудың сегіз себебін атап өтті".

"Брекешевтің өзі "ҚазМұнайГазға" кетті, ал Сүлейменова оның орнына отырды", - деп атап өтті журналист.

Сүлейменова 2023 жылдың қаңтарында экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды, оған дейін 2022 жылдың наурызынан бастап вице-министр болды.

Еске салайық, 8 маусымда “Семей орманы” аумағында өрт  тұтанған болатын. 9 маусым күні кешке қарай оның аумағы 60 мың гектарға дейін ұлғайып үлгерді. Осыған байланысты Семей қаласында төтенше жағдай жарияланды.

Абай өңірінде ел тарихындағы ең ірі өртке байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин қызметінен босатылып, жаңа министр тағайындалды. Абай облысының әкімі өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін сөгіс алды.

Өртпен арпалысып жүріп 14 адам қаза тапты. «Семей орманы» Новошульба филиалының 14 қызметкерінің фотосуреттерін Экология министрі Зүлфия Сүлейменова жариялады. Мемлекет басшысы шетелге сапарынан бас тартып, өңірге арнайы барып, қаза тапқан орманшылардың отбасына көңіл айтты.

Қаралы қайғыға байланысты 12 маусым елімізде Аза тұту күні болып жарияланды.

Абай облысына аттанған үкіметтік комиссия 10 күн тергеу жүргізіп, өртті сөндіру кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуына жол берген адамдарды анықтамақ.

Сондай-ақ, бұдан бұрын ІІМ басшысы Марат Ахметжанов өртті дер кезінде ауыздықтай алмаған экс-министр Юрий Ильиннің әрекеті тексерілетінін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары