×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Қазақстан Германияны қажетті шикізатпен тұрақты қамтамасыз ете алады – Тоқаев

20.06.2023, 11:51
Ақорда

Қазақстан Германия экономикасын энергиямен және қажетті шикізатпен тұрақты қамтамасыз ете алады. Бұл туралы Ақордада Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен келіссөздерден кейінгі БАҚ өкілдеріне бірлескен мәлімдеме барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Мемлекеттеріміздің экономикасы көп жағдайда бір-бірін толықтырады. Технологияларды шикізатқа алмастыру формуласына негізделген қатынас екі тарап үшін нәтижелі болмақ. Қазақстан Германия экономикасын энергиямен және қажетті шикізатпен тұрақты қамтамасыз ете алады. Бұл қазіргі геосаяси және геоэкономикалық кезеңде аса маңызды. Неміс тарапының өтініші бойынша Шведт қаласында мұнай өңдеу зауытына Қазақстан мұнайын жөнелту соның нақты мысалы. Жоспарланған шараларды тиімді жүзеге асыру үшін Штайнмайер мырзамен талқыланған бірнеше мәселені шешу қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, президент келіссөздер барысында көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту мәселесіне баса назар аударылғанын айтты.

«Бұл саланың келешегі зор. Қазір Еуропа одағында Global Gateway стратегиясы жүзеге асырылып жатыр. Соның аясында қолға алынған бастамаларға Қазақстан жобаларын енгізу мәселесін талқыладық. Біз жасыл энергетика, аса маңызды шикізат, арнайы экоономикалық аймақ, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қаржы және басқа саладағы байланыстарды нығайту жолдарын қарастырдық. Себебі бұл бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамытуға мол мүмкіндік бар. Сондай-ақ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін күшейту туралы пікір алмастық», - деді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев Германия президентін Ақордада ерекше сән-салтанатпен қарсы алған болатын.

Германияның федералды президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында мынадай құжаттарға қол қойылды:

  • Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Германия Федеративтік Республикасының Федералдық Сыртқы істер министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мен Германия Федеративтік Республикасының Федералдық экономика және климат министрлігі арасындағы Қазақстаннан кәсіпорындар басшыларының біліктілігін арттыру жөніндегі ынтымақтастық жөніндегі ниеттер туралы бірлескен мәлімдеме;
  • Ұлттық геологиялық қызмет пен федералдық геологиялық ғылымдар және табиғи ресурстар институты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  • Жамбыл облысы әкімдігі мен «Кнауф Гипс Тараз» ЖШС арасында гипсокартон парақтары мен құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін зауыт салу жөніндегі жобаны іске асыру туралы келісім;
  • Қазақ-неміс тұрақты инженерия институтын құру туралы келісім;
  •  «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ мен «Rhenus SE & Co.KG» арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  • «DВ Engineering & Consulting GmbH» және «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ арасындағы жолаушылар тасымалы және көлік-логистика саласындағы әріптестікті дамыту туралы келісім;
  • «Siemens» технологиясы бойынша ҚР энергетика саласы үшін кернеудің орта класты тарату құрылғыларының өндірісін оқшаулау туралы шарт;
  • Сирек жер металдар қазбаларына геологиялық барлау және оларды қайта өңдеу жөніндегі бірлескен қызмет туралы келісім.
Серіктес жаңалықтары