×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Егер адам алғанын мойындаса, сот шешімі не керек»: Әшімбаев заңсыз шығарылған активтер жөнінде

29.06.2023, 12:43
Фото: Ulysmedia.kz

Журналистер бүгін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтан заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі заң шеңберінде активін қайтарып берген адамдарды қылмыстық жауапкершіліктен босату қаншалықты дұрыс екенін сұрады, 

«Бұл жерде заңсыз деп танылған актив толықтай мемлекетке қайтарылады. Сөйтіп сол активті алғаны үшін қайтарғандар жауапкершілікке тартылмайды. Бірақ ол «ақталды» деген нәрсе емес. Активтердің қайтарылуы – кезінде заңсыз алынғанын мойындау деген сөз», - дейді ол.

Сенат төрағасы «егер адам өз еркімен алдым десе мойындаса, бәрін түсіндім десе, түгелдей қайтарамын десе, онда сот шешімі не керек!?» дейді. Ал бұл жағдай Конституцияға қайшы емес пе деген сұраққа Әшімбаев былай жауап берді.

«Біздің заңгерлеріміз, мамандарымыз, мәжіліс мамандары бұл заңды жан-жақты қарады. Конституцияға сәйкестігін біз міндетті түрде қараймыз. Кез келген заңның. Бұл жерде Конституцияға қарама-қайшы келіп жатқан нормалар немесе күмән туығызатын нормалар бар деп ойламаймыз».

Еске сала кетсек, бүгін  Сенаттың жалпы отырысында палата депутаттары «Заңсыз иемделген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңды мақұлдады. Заңның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тыс жерлерде де заңсыз иемделген активтерді қайтару үшін заңнамалық параметрлерді айқындау, сондай-ақ оларды заңсыз иемденуге және шығаруға ықпал еткен жағдайларды жою.

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мәліметіне қарағанда, құжат аясында активтерді шығару саласындағы құқық бұзу деректерін анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру, активтерді қайтару жөніндегі халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты дамыту, қайтарылған қаражатты қоғамның игілігі үшін тиімді пайдалану, экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына, активтерді заңсыз шығаруға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау ескерілген.

Серіктес жаңалықтары