×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Бюджет қаржысын игере алмай жатқан министрліктер аталды

15.08.2023, 10:10
Бюджет қаржысын игере алмай жатқан министрліктер аталды
фото: ашық дереккөзден

Үкімет басшысының орынбасары - Қаржы министрінің айтуынша, мембюджет шығыстары 98,8%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,3%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,8%-ке орындалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Республикалық бюджет бойынша сомасы 12,8 трлн. теңгеге шығыстар жүргізілді. Атқарылмау  95 млрд. теңгені құрады, оның ішінде  үнемдеу – 17 млрд. теңгені құрады.Игерілмегені  –  78 млрд. теңге”, – деді министр.

Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары экология және табиғи ресурстар, мәдениет және спорт, төтенше жағдайлар, индустрия және инфрақұрылымдық даму және оқу-ағарту министрліктерінде қалыптасқан.

Игерілмеудің негізгі себептері: конкурстық рәсімдердің ұзақ өткізілуі; шарттарды, қосымша келісімдерді жасасу рәсімдерін дер кезінде өткізбеу; орындалған жұмыс актілерінің, шот-фактуралардың уақтылы ұсынылмауы және басқалары.

Айта кетсек, бұдан бұрын қызылордалық шенділер су тасқынымен күреске бөлінген қаржыны 3 жыл бойы игермегені белгілі болған еді.