×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Су тасқынымен күрес: қызылордалық шенділер бөлінген қаржыны 3 жыл бойы игермеген

08.08.2023, 10:35
фото: ашық дереккөзден

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов су басу қаупі сақталып отырған өңірлерді атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Ақтөбе облысында су басқан екі елді мекеннің (Қобда, Қаратал) қалпына келтіру жұмыстары тек біреуінде (Қаратал) ғана аяқталды. Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында су басу фактілері жыл сайын арық жүйелерінің дайын болмауына байланысты тіркеледі. Қостанай облысында жоспарланған Жол картасының жартысы бойынша ғана жұмыс басталды. Осы айтылғандарды, жалпы климаттың өзгеруі бойынша әлемдік үрдісті және осы көктемде батыс өңірінде су тасқыны бір ай бұрын басталғанын ескеріп, барлық әкімдіктер сын-қатерге дайын болуы қажет», - деді ведомство басшысы үкімет отырысында.

Сондай-ақ, министр бірнеше өңірде су тасқынына қарсы шараларға бөлінген қаржыны игеру жұмыстары көңіл көншітпейтінін айтты.

«Түркістан облысының әкімдігі биылғы барлық көзделген су тасқынына қарсы іс-шараларды жүзеге асыруға 1,9 млрд теңге қаражат бөлді. Сондай-ақ Үкімет қолдауымен Төтенше жағдайлар министрлігі арқылы мақсатты трансферттер есебінен Қызылорда, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының әкімдіктеріне 15 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді», - деді Шәріпханов.

Ол су тасқынына қарсы 2021-2023 жылдарға арналған жол картасын орындамаудың негізгі себептерін атады.

«Бірінші, іс-шараларды сапасыз жоспарлау, бюджеттік өтінімдерді уақытылы бермеу немесе құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге қаражаттың болмауы. Мысалы, Шымкент қаласында Бозарық каналын күрделі жөндеу жоспарланған, алайда әлі күнге дейін техникалық тексеруден басқа ешқандай жұмыс жүргізілмеді. Қызылорда облысы бойынша керісінше, үшінші жыл қатарынан Сырдария өзенінің арнасын тазартуға бөлінген бюджет қаражаты игерілмей отыр. Биыл да игерілмеу қаупі бар», - деп түсіндірді министр.

Айта кетейік, бұдан бұрын Астанада су тасқынынан кейін жауапты шенеунік қызметінен қуылды.

Серіктес жаңалықтары