×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

"Жемқорлық белең алған, бәсеке жоқ": президент жол құрылысындағы былықтарды айтты

01.09.2023, 11:07
"Жемқорлық белең алған, бәсеке жоқ": президент жол құрылысындағы былықтарды айтты
фото: ашық дереккөзден

Президент жол құрылысындағы берекесіздіктерді сынға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазақстан темір жолын» толыққанды көлік-логистика компаниясы етіп қайта құру жұмысын жуық арада аяқтау қажет. Сондай-ақ автокөлік жолдарының құрылысы мәселесі шешімін табуға тиіс. Қазір оның сапасы сын көтермейді. Тиісті жұмыстар уақтылы және сапалы жасалмайды. Жемқорлық белең алып тұр, бәсеке де жоқтың қасы. Мұның бәрі – осы салада әбден тамыр жайған кемшіліктер», – деді Тоқаев халыққа Жолдауында.

Мемлекет басшысы үкіметке жыл соңына дейін нақты шаралар қабылдауды міндеттеді.

«Міндетін адал атқармаған барлық компания заң бойынша жауапқа тартылады. Бұл мәселеге мен баса назар аударамын. Бақылауды күшейтіп, жаңа нормативтік құжаттар қабылдау керек. 2029 жылға дейін 4 мың шақырымнан астам жолға күрделі жөндеу жүргізу қажет», – деді президент.

Айта кетейік, бұдан бұрын Ақмолада жол құрылысына бөлінген 1,2 млрд теңге ұрланғаны хабарланған.

Сондай-ақ Алматы облысында жол салу кезінде орын алған бұзушылықтар фактісі бойынша жолаушылар көлігі басқармасы басшысының экс-орынбасары ұсталды.