×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Тоқаев Ұлттық банк басшысын жұмыстан шығарды

04.09.2023, 08:54
фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысының жарлығымен Ғалымжан Пірматов Қазақстан Республикасы Ұлттық банк төрағасы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Пірматов бұл қызметті 2022 жылдың ақпан айынан бері атқарды.

Ғалымжан Пірматов 1972 жылы 24 сәуірде дүниеге келген. Новосібір мемлекеттік университетін, Қазақстанның экономика және болжау менеджменті институтын, Atkinson Graduate School of Management, Willamette University бітірген. Әр жылдары «Алтын-Тас» БК қаржы директоры, AIG Silk Road Capital Management компаниясының инвестициялар жөніндегі директоры, «Халық банк» АҚ инвестициялық банкинг департаментінің директоры, ҚР экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті, «Cameco Kazakhstan» компаниясының президенті, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 2017-2021 жылдары «Қазақ атом өнеркәсібі ҰАК» АҚ басқарма төрағасы болды.

Серіктес жаңалықтары