×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Украина Донецк, Луганск пен Қырымнан айырыла ма. Саясаттанушы АҚШ-тағы соғысты тоқтату талқысы туралы айтты

Бүгін, 16:16
Украина Донецк, Луганск пен Қырымнан айырыла ма. Саясаттанушы АҚШ-тағы соғысты тоқтату талқысы туралы айтты
Коллаж Ulysmedia.kz

Саясаттанушы, Гарвард университетінің аға ғылыми қызметкері, Дэвис орталығы Орталық Азия бағдарламасының жетекшісі Наргиз Қасенова Ulysmedia.kz сайтының бас редакторы Самал Ибраеваға берген сұхбатында Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу сценарийлері туралы айтып берді.

 

УКРАИНА ЖӘНЕ КЕСІССӨЗДЕР

«Трамп жоқ кезде америкалық топтар арасында Украина Ресеймен келіссөзге баратыны, 1991 жылғы шекаралар аясында жеңіске жетуді және территорияларды қайтаруды талап етпейтіні туралы идеялар айтылды. Бірақ Украина негізгі бөлігімен Еуропамен бірге болады, Украина Еуропаның бөлігіне айналады, бірақ Донецксіз, Луганксіз және Қырымсыз», – деді Гарвард университетінде бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан саясаттанушы Наргиз Қасенова.

Сарапшының пікірінше, Украина қазір қираған жерлерді қайтаруды талап етпей, өз болашағын құтқаруға назар аударуы қажет.

«Украинаға қираған бұл территориялар қаншалықты қажет? Егер прагматикалық тұрғыдан қарасақ, Украина қазір өзін құтқаруы керек. Олар Еуропаға неғұрлым тез қосылса, соғұрлым жақсы. Еуропаға тезірек кету керек. Мұндай салыстыру жағымсыз естілуі мүмкін, бірақ бұл гангрена сияқты: бәлкім тірі қалып, жаңа өмір бастау ұшін аяқты жоғалтқан дұрыс болар», – деп санайды Қасенова.

ТРАМПТЫҢ ЫҚПАЛЫ ПЕН АҚШ-ТЫҢ ҰСТАНЫМЫ

Саясаттанушы сонымен қатар Трамп билікке толығымен келген жағдайда да, АҚШ Украинаны қиыншылықта қалдырмайды деген пікірде.

«Трамп үшін жағдайдың нобайы қалай көрінетіні өте маңызды. Мен оның 2021 жылы Ауғанстаннан америкалық әскерлердің шығуы кезіндегідей кадрлардың қайталанғанын қаламайтынына сенемін. Ол Ресеймен сөйлесуге дайын, Солтүстік Кореядан бастап бәрімен сөйлесуге әзір. Оның басқалардағыдай шектеуі жоқ, бұл маған үміт береді. Екіншіден, оның айналасында Украинаға көмектесу Ресей мәселесін тежеудің бір бөлігі деп санайты  ірі калибрлі республикашылдар көп. Ресей – қалай дегенмен жау, ал республикашылдар арасында бұл жағдайға бей-жай қарамайтын адамдар жеткілікті», – деді ол.

УКРАИНА ШЕШІМІ

Сарапшы мәселенің шешімін табу керектігін, өйткені ел толықтай қирап кету қаупі бар екенін атап өтті.

«Ресей үлкен, қару-жарақ көп, бүкіл экономика милитаризацияланған, ядролық қарудың саны баршылық. Ресейді жеңудің қандай мүмкіндіктері бар? Бұл өте қиын...», – деді ол.

Бұған дейін Қазақстанның Украинадағы Төтенше және өкілетті Елшісі Дархан Кәлетаев Ulysmedia.kz порталына Киевке жасалып жатқан әуе соққылары елшілікке жиі естілетінін айтқан.

ДНЕПРГЕ СОҚҚЫ

21 қарашада Украина күштері Ресейдің Днепрге және оның айналасына зымыранмен соққы жасағанын хабарлады. Соққы кәсіпорындар мен маңызды инфрақұрылымға зақым келтірген.
Украина тарапы Астрахань облысынан атылған ракета – құрлықаралық баллистикалық зымыран деп болжаған.

Кейін CNN анонимді америкалық шенеунікке сілтеме жасай отырып, Ресейдің 21 қарашада Днепрге соққы беру үшін қолданған зымыраны құрлықаралық емес, орта қашықтықтағы эксперименттік баллистикалық зымыран екенін хабарлады. Дереккөздің айтуынша, АҚШ Ресейдің эксперименттік зымыранды қолдану мүмкіндігі барын білген. Вашингтон Украина мен басқа елдерге ықтимал қауіп барын алдын ала ескертіп отыр.

ПУТИННІҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін Украинамен арада болып жатқан соғысқа қатысты шұғыл мәлімдеме жасап, қақтығыс ғаламдық сипатқа ие болғанын айтқан еді. Ол Украина 19 және 21 қарашада Курск және Брянск облыстарындағы нысандарға батыстық зымырандармен соққы жасағанын айтты. Оның сөзінше, Ресей күштері бұған жауап ретінде соққы берген, оның ішінде тәжірибелік қару қолданылған. РФ “Орешник” ядролық емес гипердыбыстық баллистикалық зымыранмен Оңтүстік машина жасау зауытына және Украинаның қорғаныс-өнеркәсіптік кешенінің нысанына біріктірілген соққы жасаған.

ТОҚАЕВТЫҢ ШҰҒЫЛ ТАПСЫРМАСЫ

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрге, президент әкімшілігінің басшысына және күштік құрылымдардың жетекшілері мен барлық әкімдерге Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.