2021 жылғы 1-ші жартыжылдықтағы Қазақстан аймақтары әкімдері қызметінің тиімділігін бағалау бойынша сарапшылар сауалнамасының нәтижесі жарияланды. Сауалнамаға еліміздің түрлі өңірі мен қызмет саласынан 30 сарапшы қатысты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Ofstrategy.kz мәліметінше, 2021 жылғы бірінші жартыжылдықта барлық әкім өз қызмет орындарын сақтап қалды. Дегенмен сауалнама қорытындысы бойынша, аймақтар әкімдері рейтингінде көшбасшы ауысты. Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғани Исқалиев бірінші орынды Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевке берді. Шөкеевтің қызметінің жиынтық бағалауы 4,3 ұпайды (барлығы 7 ұпай) құрады. Өмірзақ Шөкеев облыс орталығындағы құрылыс сапасымен байланысты дауларға қарамастан пандемияға дейінгі орынға жайғаса алды (2019 жылғы 2-ші жартыжылдықта оның қызметінің бағасы 4,01 ұпайды құрады).
Қызмет тиімділігін бағалау бойынша өңірлер әкімдерінің рейтингі (2021 жыл)