Мұғалімдерді алдағы Мәжіліс сайлауына тағы «жегіп» қойса, не істейсіз? Реакция білдіресіз бе? Ulysmedia.kz порталының тілшісі бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовке осылай сұрақ қойды.
«Нақты фактілер болса, біз олармен жұмыс істейміз. Біз заңмен мұғалімдерді өзіне тән емес жұмыстарға тартпау бойынша, нақты жауапкершілік бекітілді. Сондықтан, егер қандай азамат болсын, мамандығына қарамастан біреу мәжбүрлеп немесе құқықтарын жоятын болса, зиян келтіретін болса, мәжбүрлейтін болса, осы елдің азаматы ретінде ол мәселеге тікелей қатысамыз», - деді Асхат Аймағамбетов.
Айта кетейік, Аймағамбетов Аманат партиясы атынан алдағы сайлауға түскелі отыр.