×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

«30 іс қозғалып, 22 адам ұсталды»: Министр Ахметжанов журналистерге шабуыл жайлы

07.03.2023, 11:28
Коллаж: ulysmedia.kz.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов журналистерге шабуыл жасаған топ жөнінде сұрақтарға жауап берді. Оның айтуынша, журналистерге шабуыл бағытында 30-дан астам іс қозғалып, 22 адамның күдікті деп танылған. Жеті адам қамауда отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еске сала кетейік, бұған дейін полиция Қазақстан азаматы Клебанов (Маневич) Аркадий Сергеевичті қазақ журналистеріне жасалған шабуылдардың ұйымдастырушы және бастамашы деп атаған болатын.

Бүгін үкімет кулуарында журналистер министрден осы іс жөнінде пікірін сұрап көрді.

«Бүгінгі таңда осы іс бойынша 30-дан астам іс қозғалды. Жетеуі қамауда отыр. Қалғаныың жасына, жеке басына қатысты бас бостандығынан айыру түрінде бұлтартпау шарасы қолданылған жоқ. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Біздің ресми органдар қолжетімді ақпараттың бәрін жариялады», - деді министр кулуарда.

Оның айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де сол тергеу амалдарына белсенді түрде тартылған. Бетпе-бет кездесу де өткізілген.

«Сіздердің әріптестеріңіз де осы істің ашылуына мүдделі. Статусы да айқындалған. Олар да сұрақ қойып, белсенді түрде қатыса алады. Тергеу амалдарын жүргізуде өз ұсыныстарын білдіріп, өтінім бере алады. Сол себепті тергеу амалдары жүргізіледі. Заң шеңберінде керекті ақпаратты жариялаймыз», - деді ол.

Оның айтуынша, Клебанов Алматыда тұтқындалған.

«Бұл топ 20-дан астам адамнан тұрады. Әзірге бәрі күдікті. Тергеу амалдарынан кейін ғана айыптау бекітілген соң кімнің орындаушы, кімнің тапсырыс беруші, кімнің ақша төлегені, кімнің үйлестіргені сол кезде белгілі болады. Сондықтан, қазір одан артық ақпарат бере алмаймын», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары