×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

«Мемлекеттің бірінші адамдарымен күресе алмадым»: Алагөзов бизнесінен қалай айырылғанын айтты

14.03.2023, 18:45
Фото: Ашық дереккөзден

Тұрсын Алагузов Астанада өтіп жатқан сот отырысында Гүлмира мен Қайрат Сатыбалдының кінәсінен бизнесінен қалай айырылғанын айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кәсіпкердің айтуынша, ол өзінің Galanz Bottlers алкогольсіз сусындарын шығару жобасын екі мыңыншы жылдардың басында іске қосқан. Бірінші әйелімен ажырасқан кезде компанияның акцияларын бөлуге тура келген. Осы кезде ерлі-зайыпты Сатыбалды араласып, кейіннен Алагөзов компаниядан толығымен айырылған.

Алагөзов заңгерлердің кеңесі бойынша мүлікті бөлуге жол бермес үшін серіктестіктің акцияларын сенімді басқарушыларға (Бердіқұлов пен Рифшанов) берген.

«2018 жылдың күзінде Бердіқұлов маған телефон соғып, Қайрат Сатыбалды хабарласқанын, Рифшанов екеуінен акцияларды Гүлмираға беруді талап еткенін айтты (...) Бердіқұлов пен Рифшанов қорқып, абдырап қалды.

«Тұңғыш президенттің жақын туыстары болып табылатын бұл адамдарға қарсы тұра алмайтынымды және мұнымен күресудің мәні жоқтығын түсіндім.

Біраз уақыттан кейін Дариға Назарбаеваны танитын әйелім Баян Алагөзова оған телефон соғып, Гүлмира Сатыбалды екеуміздің кездестіруді өтінді. Бұл кездесу «Рахат Палас» қонақүйінде өтті. Ол сол кезде көмекшісімен бірге болған. Олар акцияларды беруге кедергі жасамауымды талап етті, менде түрлі мәселелер болуы мүмкін деп қорқытты», - дейді кәсіпкер.

Ақыры Алагөзов Гүлмира Сатыбалдының сенімді адамына акцияларды жазып берген.

«Маған келісуге тура келді, өйткені мен мемлекеттің бірінші адамдарымен күресе алмайтынымды түсіндім, оның пайдасы да жоқ еді», - деді ол.

Еске сала кетейік, сейсенбі күні Астанадағы Байқоңыр ауданының №2 сотында Гүлмира Сатыбалдының соты басталды. Ол «қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастырды, озбырлық жасады және адам ұрлады» деп айыпталып отыр. Айыптаулар алқасында Гүлмира Сатыбалдыдан басқа оның жүргізушісі әрі ұрлауға араласқан Рашит Өтебеков пен Мәди Батыршаев бар. Іс бойынша жәбірленуші – Алагөзов пен Айгүл Мекешова.

2022 жылдың наурыз айында Қайрат Сатыбалды қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды және аса ірі көлемде «Қазақтелеком» АҚ қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды. Антикор тергеу барысында Сатыбалдының заңсыз жолмен тапқан 240 миллиард теңгеден астам ақшаны қайтарғанын хабарлады. Сонымен қатар, тергеушілер экс-президенттің туысының салық төлеуден жалтару, кедендік төлемдер мен ақшаны жылыстату әрекеттеріне қатысы бар-жоғын тексерді.

Серіктес жаңалықтары