Апта басында ел аумағы арқылы атмосфералық фронттар өтеді. Оның әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жел күшейеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Температура
Соған қарамастан, қыркүйектің соңына тән температуралық фон жайлы болады. Ең жылы ауа райы елдің батысы мен оңтүстігінде сақталады. Бұл өңірлерде күндіз ауа температурасы +25…+32 градусқа дейін көтеріледі.
Солтүстік-батыста +20…+31, солтүстік және орталық өңірлерде +18…+27 градус болады.
Ең салқын ауа райы шығыста күтіледі. Онда ауа температурасы +13…+23 градус аралығында болады.
Оңтүстік-шығыста да күн жылып, ауа температурасы +25…+32 градусқа дейін көтеріледі.
Контекст
Бұған дейін елдің солтүстік-батысында, кейін солтүстігінде жауын-шашын біртіндеп тоқтап, ауа температурасы көтерілетінін жазғанбыз.
Қазақстанның батысында күн ашық әрі жауын-шашынсыз болады. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді.