×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Гайдай Украинаның Қазақстандағы елшісі болып тағайындала ма – СІМ жауап берді

16.03.2023, 14:40
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Сергей Гайдайдың Қазақстандағы Украина елшісі болып келу ықтималдығы жөнінде сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еске сала кетейік, Украинаның бұқаралық ақпарат құралдары таяуда Луганск облысының әскери әкімшілігі басшысы Сергей Гайдай лауазымынан кететінін, оның отставкасы Қазақстанға елші болуымен байланысты екенін жазған. Көп өтпей Украина президенті Владимир Зеленский шынында да Сергей Гайдайды Луганск облысындағы қызметінен босатты.

Ulysmedia.kz тілшісі осы ретте Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенкодан министрлікте қандай ақпарат барын сұрап көрді.

«Менде Гайдай мырза жөнінде нақты ақпарат жоқ. Алайда кез келген мемлекеттің басқа мемлекеттегі елшісін тағайындау процедурасы агреманты талап етеді. Агреман деген сөз – алдын ала келісу дегенді білдіреді. Украина тарапы білуімше, елшіні тағайындау жөнінде Қазақстан тарапынан сұрайтын (елшіні тағайындау жөнінде) болуы керек. Қабылдаушы тарап келісімді береді немесе үнсіз қалады. Себебі дипломатияда кез келген өтініштен бас тартуға болмайды», - деді ол.

Роман Василенконың айтуынша, бұл – стандартты процедура.

«Украина тарапынан бізге өтінім түскенін немесе түспегенінен хабарым жоқ. Мен де сіздер секілді БАҚ арқылы біліп отырмын», - дейді ол.

Министрлік өкілі Қазақстандағы Украина елшілігінде қазір уақытша өкіл жұмыс істейді.

«Елші жоқ кезде уақытша өкіл қызмет атқарады», - дейді Василенко.

Серіктес жаңалықтары