×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

«Тісі бата алмай отыр»: Базарбек шетелден ақшаны қайтаруы тиіс комиссия жайлы

20.04.2023, 12:01
Фото: Ашық дереккөзден

Мәжілісмен Бақытжан Базарбектің айтуынша, шетелден ақшаны қайтаруы тиіс комиссияның бұл іске «тісі бата алмай» отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еске сала кетсек, «Капиталды шетелден елге қайтаруды ынталандыру тетіктерін тұжырымдау және елден ақша қаражатының кетуіне қарсы іс-қимыл шараларын күшейту мәселелері жөнінде комиссия» 2022 жылы ақпанда құрылған. Алайда содан бері комиссияның жұмысына көңілі толмайтындар әртүрлі пікір айтып жатыр.

Бүгін журналистер комиссия жұмысына баға беруді депутат Бақытжан Базарбектен де сұрады

«Елді 30 жыл бойы тонап келді. Ақшаны шетелге аударып жіберген. Сондықтан бұл ақшаның бәрін қайтару оңай тірлік емес. Комиссия радикалды шара қабылдауы керек еді. Шоттарды, активтерді бұғаттап, жылжымайтын мүліктің бәрін бұғаттап, сауда-саттық шығарып, ақшаның бәрі мемлекетке қайтару керек. Бұл – халықтың ақшасы. Өкінішке қарай, комиссия жұмысына көңілім толмайды», - дейді Бақытжан Базарбек.

Оның айтуынша, бұл тұрғыда Сыртқы істер министрлігінің баяу жұмыс істеп жатыр.

«Тістері бата алмай жатыр. Олигархтарды қазақша айтқанда, қысып, ұрлаған ақшасын мемлекетке қайтаруымыз керек», - дейді ол.

Бақытжан Базарбек комиссияның құрамына қоғам мен саяси партиялардың өкілдері енсе, ашықтық қалыптасып, комиссия жұмысы ілгері басар еді. «Өкінішке қарай, өңкей мемлекеттік қызметтерден тұрады, дегенмен ұсыныс жасайық» - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары