×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовке үкім оқылды

24.04.2023, 17:43
ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовке үкім оқылды
Коллаж: Ulysmedia.kz

Сот ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Кәрім Мәсімовке, А.Садықұловқа, Д. Ерғожинге, М. Өсіповке (ҚР ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасарлары) қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды. Сот істі "өте құпия" деген белгімен қарады.

Тергеу материалдарына сүйенсек, К. Мәсімов пен А.Садықұлов мемлекетке опасыздық жасады (ҚК 175-бабының 1-бөлігі), ҚР-да билікті күшпен басып алды (ҚК 179-бабының 3-бөлігі) және билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланды (ҚК 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы) деп айыпталды.

Ал Ерғожинға билікті күшпен басып алды (ҚК 179-бабының 3-бөлігі) және билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланды (ҚК 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы) деп айыпталды.

Марат Өсіповке билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану бабы (ҚК 362-бабының 3-бөлігі) бойынша айып тағылды.

Сот шешімі бойынша  Қ. Мәсімов ҚК-нің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 18 жылға бас бостандығынан айыру, мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

А. Садықұлов ҚК-нің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды, жазаны ішінара қосу арқылы 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырылды.

Д. Ерғожин. ҚК-нің 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан және өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырылды.

М.Өсіпов Қылмыстық кодекстің 362-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Сот оған мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

К. Мәсімов, А. Садықұлов, Д.Ерғожин және М. Осипов генерал атақтарынан және мемлекеттік наградалардан айырылды.

Еске салайық, өткен жылдың 6 қаңтарында Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталған болатын.

2022 жылдың қараша айында Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларына қатысты сот басталды. Процесс жабық режимде өтті.