×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

"Ел намысына араша түскендер босатылсын": Бас прокурор депутаттың сауалына жауап берді

05.05.2023, 11:10
Коллаж: Ulysmedia.kz

Бас прокурор Берік Асылов Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапидің «ұлтаралық араздықты қоздырды» деген айыппен 5 жылға сотталған Марғұлан Боранбаев пен Данат Намазабевтың ісін қайта қарау туралы сауалына жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еске салайық, осыған дейін депутат Ермұрат Бәпи «Петропавлдағы сепаратистік жағдайға» байланысты былтыр сотталған Данат Намазбаев пен Марғұлан Боранбайдың ісін қайта сұраған еді.

“Бұл жігіттерге өрескел қиянат жасалды. Көршілес елдердің елірмелері аузына келгенін айтып және жазып жатқан алауыз пікірлермен салыстырғанда, М.Боранбаев пен Д.Намазбаевтың әлемжелідегі әрекеті баланың ойыны болып қалды. Оларға жасалған қиянат пен әділетсіздік осы салыстырудан туындайды. Бір ел неге өзінің сыңарезу саясатшыларына тыйым салмайды, біздің ел неге өзінің елдік мүддесі мен халықтық намысын қорғаған азаматтарын соттайды? Олар неге «орыс патриоттары» болып саналады, ал өз халқының намысын жыртқан Марғұлан мен Данат неге қазақ халқының патриоттары бола алмайды? Көрші елдің «ұраншылары» қылмыстық сотқа тартылмақ түгілі, өз билігі мен тиісті органдары тарапынан әкімшілік тұрғыда ескерту де алған жоқ. Ал ел намысына араша түскен екі жігіт неге сотты болады?”, – деген болатын Мәжілісмен.

Бас прокурордың айтуынша, Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 2022 жылғы 14 наурыздағы заңды күшіне енген үкімімен Марғұлан Боранбаев (5 жыл 2 ай бас бостандығынан айыру) ұлттық алауыздықты қоздырғаны үшін (Қылмыстың кодектстің 174-бабы 2-бөлігі) жəне Данат Намазбаевпен (5 жыл бас бостандығынан айыру) бір топта билікті күшпен басып алуға шақырғаны үшін (Қылмыстық кодекстің 179-бабы 2-бөлігі) сотталған.

Бұл іс бойынша сіздер (депутаттар) жаңадан ашылған мəн-жай бойынша сот актілерін қайта қарау туралы мəселені көтеріп отырсыздар. Сондай-ақ жаңадан ашылған мəн-жайлар бойынша қылмыстық іс жөнінде іс жүргізуді қайта бастау тəртібі мен негіздері Қылмыстық-процестік кодекстің (бұдан əрі ҚПК) 53-тарауымен реттеледі. Бұл іс жүргізу – қылмыстық процестің бір сатысы жəне ол жерде үкім шығару кезінде сот білмеген мəн-жайлардың болуы немесе болмауы туралы мəселе шешіледі. ҚПК-нің 55-бабы 1-бөлігінің 4-тармақшасына сəйкес, сот актілерін қайта қарау жəне жаңадан ашылған мəн-жайлар бойынша іс қозғау құқығы тек сотқа тиесілі, - деп жазылған жауапта.

Берік Асыловтың түсіндіруінше, істі қайта бастаудың тәртібі ҚПК-нің 499-бабы 2-бөлігі бойынша реттеледі.

ҚПК-нің 502-бабына сəйкес қылмыстық процестің қатысушылары (сотталған, жəбірленуші, олардың қорғаушылары немесе заңды өкілдері) ғана жаңадан ашылған мəн-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау туралы өтінішхатпен жүгіну құқығына ие. Сондықтан Марғұлан Боранбаев, Данат Намазбаев жəне олардың қорғаушылары осы негіздермен жүгінбеген, яғни олар өздерінің іс жүргізу құқығын іске асырмаған. Осыған байланысты сотталғандар үкім шығару кезінде сотқа белгісіз болған мəн-жайларды көрсетіп, олардың кінəсіздігі немесе онша ауыр емес қылмыстық құқық бұзушылықты жасағанын куəландыратын өтінішхатты сотқа не прокуратура органдарына дербес беруге құқылы екенін түсіндіреміз», - деді Бас прокурор.

Серіктес жаңалықтары