Антикор Мырзахметовтың ұсталу себебі жөнінде ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"10 мамырда Антикоррупциялық қызмет «Атамекен» Қазақстан Республикасы ҰКП Басқармасының экс-төрағасы А.И. Мырзахметовті ұстады. Ол алаяқтық пен кәсіпкерді оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермелеген деп күдіктенеді. Күдікті Астана қаласы ПД УҰИ-на қамалды”, – делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жедел-тергеу іс-шаралары кешені жүргізілуде. Оның басқа да қылмыстарға қатысы туралы ақпарат тексеріліп жатыр.
Еске салайық, бұдан бұрын Антикор «Атамекен» ҰКП бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметовке қатысты тергеу басталғаны туралы ақпаратты растаған.