×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Мұхамедиұлы ісі: экс-министрдің "Дипломат" қонақ үйін қалай иемденгені айтылды

16.05.2023, 18:01
Мұхамедиұлы ісі: экс-министрдің "Дипломат" қонақ үйін қалай иемденгені айтылды
Коллаж: Ulysmedia.kz

Астанада бұрынғы Мәдениет министрі және Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша сот жалғасуда. Бүгінгі отырыста экс-шенеуніктің бизнесте де тәжірибесі бары белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сот отысына келген куәгер Усин – елордалық "Дипломат" қонақ үйінің бұрынғы қауіпсіздік қызметкері сотталушының қызметі туралы жаңа деректерді мәлім етті. Ол әйгілі қонақ үйде 2020 жылдан 2021 жылға дейін жұмыс істеген, Мұхамедиұлымен таныстығы да сол уақытта басталыпты.

- Бізді Арыстанбек Мұхамедиұлымен Серік Итенұлының (Серік Қарымсақов – кәсіпкер, Қазақстанның Индонезиядағы бұрынғы құрметті консулы – ред.) екінші серіктесі ретінде таныстырды. Олар қонақүйдің тең иелері болды, - деді куәгер.

Куәгерден экс-министрмен кездесудің қалай болғанын түсіндіруді сұраған қорғаныс тарапына Усиннің жауабы ұнай қоймады.  Адвокат оның "артық" ақпаратты жариялағанына наразылық білдірді.

- Міне, сіз қазір айтып отырған бұл ақпарат біздің қылмыстық ісімізге қандай қатысы бар? Сіз қылмыстық істің қандай факті бойынша қозғалғанын білесіз бе?", - деп сұрады ол.

Қонақ үйдің бұрынғы қызметкері абдыраған жоқ және қылмыстық істің егжей-тегжейін біліп қана қоймай, Мұхамедиұлының "Дипломаттың" иесі екеніне сенімді екенін айтты. Оның айтуынша, бұл туралы қонақүйдің барлық қызметкерлері білген.

- Мұны жалғыз мен ғана білген жоқпын.  Бәрі білді. Қауіпсіздік қызметінің бастығы, техникалық қызметтің бастығы. Бұл долбар емес, мұны анық білемін", - деді куәгер.

Айта кету керек, Мұхамедиұлының "Дипломаттың" иесі екендігі туралы ақпарат бұған дейін де айтылып жүрген. Өткен жылы Серік Қарымсақов Арыстанбек Мұхамедиұлының қаржылық көмек сылтауымен қонақ үй акцияларының үлесін алаяқтық жолмен иемденгенін айтқан, алайда экс-министрдің өзі бұл тақырыпта сөз қозғаған емес.

2021 жылдың сәуір айында БАҚ Мұхамедиұлы карантиннің барлық ережелерін бұза отырып, қызына "сырға салу" рәсімін  "Дипломатта" өткізгенін хабарлады.Көп ұзамай бұрынғы шенеунік бұл ақпаратты жоққа шығарған.

Еске салайық, бұдан бұрын экс-министр прокурорға шүйлігіп, оны қызметінен алып тастауды талап еткен.