×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

"Бізде дәстүр қалыптасқан": Тоғжанов "дүркіреген" мерейтойы мен қызметтік көліктер жайлы

17.05.2023, 13:14
"Бізде дәстүр қалыптасқан": Тоғжанов "дүркіреген" мерейтойы мен қызметтік көліктер жайлы
Коллаж Ulysmedia

Журналистер Ералы Тоғжановтан мерейтойының дүркіреп тойланғаны, мейрамханаға әкімдіктегілер қызметтік автокөліктермен барғаны жайлы желідегі ақпараттарға қатысты пікірін сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде Ақтөбе облысы әкімі 60 жас туған күнін қаладағы ең қымбат мейрамханада атап өткені, мерейтойға Тоғжановтың қоластындағылар қызметтік автокөліктермен барғаны жайлы ақпарат тараған еді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте БАҚ өкілдері мән-жайды әкімнің өзінен сұрады.

«Бұл мәселеге объективті тұрғыдан қарау керек. Туған күн 12-сінен 13 мамырға қараған күні тойланады. Бұл - біздің отбасымызда қалыптасқан дәстүр. Менің балаларым мен достарым Маңғыстауда болған. Мысалы, 2018 жылы мен 12-сі Астанада болдым. Олар маған көрінбей, ұшақпен бірге келген. Мен бұл мерекені өз отбасыммен үйде қарсы аламын. 13-і менде жұмыс күні. Өткен жылы мен Қарағандыда болсам, осы жылы Қобда ауданына жұмыс сапарымен бардым. Кешкі 20:00-ге дейін мен жұмыста болдым. Барлығы мені басқа бір жерде тойлау керек деп ойлайтын шығар», - деді Ералы Тоғжанов.

Ол сондай-ақ, қызметтік көліктердің жұмыстан тыс мақсатта пайдаланылуына қатысты түсініктеме берді.

«Көліктерге қатысты ақпаратты тексеретін қызметтер бар. Ол бойынша тапсырма бердім. Менің ақпаратым бойынша, қызметтік көлік ол күні ешқандай жерде жұмыс істемеді. Жұмыс уақытында көліктердің ол жерде болуы мүмкін емес. Егер болғаны расталса, қатаң шара қолданылады», – деді облыс әкімі.