×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Алматыда билік рұқсат етпеген қаралы акция қалай өтті

31.05.2023, 16:36
Алматыда билік рұқсат етпеген қаралы акция қалай өтті
ulysmedia.kz

31 мамырда Қазақстанда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. Бүгін атаулы күнге орай алматылықтар аза тұту шеруін өткізбек болды. Билік акцияға рұқсат бермесе де, прокуратура рұсқат етілмеген митингке қатысқандар жауапқа тартылатынын ескертсе де қала тұрғындары белгіленген орынға жиналды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Айта кету керек, жыл сайын 31 мамырда бұл жерде адам қарасы қалың болады. Қазақстанда туысы сталиндік диірменге түспеген отбасы кемде-кем – біреуі атылды, біреуі лагерьге айдалды, енді бірі ашаршылық құрбаны болды. Олардың ұрпақтары ата-баба рухына тағзым етіп, құрметпен еске алуды азаматтық парыз деп санайды.

Бүгін таңертең әлеуметтік желіде алматылықтарды шеруге қатысуға шақырған "Комитет 31 мамыр" қозғалысының белсенділері үйлерінен шығарда ұсталғаны жөнінде ақпарат тарады, дәл осы себепті олар акцияға қатыса алмады. Мұны акция ұйымдастырушысы Нұрлан Әміреқұлов та растады. Ол саябақта тек түстен кейін келді.

Ал полицейлер мен автозактар акция өтетін орынға шеру басталғанға дейін келді.

Соған қарамастан, таңертеңгі сағат 11-де межелі орынға Алматының бір топ белсенділері жиналды. Олардың қатарында тіркелмеген Демпартия мүшелері (Инга Иманбай, Аружан Дүйсебаева), белсенді Әлнұр Ільяшев, құқық қорғаушы Ғалым Ағелеуов, Қаңтар қатысушысы Берік Әбішев және басқа да азаматтар бар. Жиналғандардың көпшілігі бұл жерде митинг жоспарланғанын білмей, жыл сайынғы дәстүр бойынша гүл шоқтарын қоюға келгені белгілі болды.

"Кремль өзегі"

Нұрлан Әміреқұлов барлық қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан аумағындағы 1931-1933 жылдардағы ашаршылықты Холокостпен салыстырып, біз сол уақыттың тарихын Ресейдің әдіптеуімен емес, өз пайымымызбен саралауымыз керегін айтты.

- Бұл трагедияның зардабын тартпаған қазақ отбасы кемде-кем. 70%-ы қайтыс болды. Холокост тарихында мұндай нәрсе болған жоқ. Біз әлі де ашып айтудан қорқамыз, бұл нағыз геноцид болды. Біз қазір Кремль атомының орбитасындамыз, ядро – ал біз дербес атом болуымыз керек, Қазақстанды біріктіретін өзіміздің рухани өзегімізді жасауымыз керек, - деді Әміреқұлов.

Инга Иманбай мен Әлнұр Ільяшев Қазақстанда саяси қуғын-сүргін әлі де бар екенін мәлімдеді. Ільяшев саяси тұтқындардың ұрпағы екенін айтты.

– Бұл менің 1937 жылы атылған үлкен атамды еске алу. Әжем АЛЖИР-де 8 жыл болды, ал олардың балалары балалар үйіне жіберілді. Мен де саяси тұтқын болдым. Міне, уақыт сабақтастығы. Құдайға шүкір, бізді сол күндердегідей атып тастамайды, бірақ бостандыққа шығып өлсін деп Арон Атабекті босатқаны сияқты жағдайлар болып жатыр. Дулат Ағаділ де түсініксіз жағдайда қайтыс болды.

Ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш маңына жиналған жастар

Ulysmedia.kz тілшісі Ислам есімді студентпен сөйлесті – ол акция туралы білмейтін болып шықты, жай өтіп бара жатып, болып жатқан оқиғаға қанығу үшін саябақта қалуды жөн көріпті. Жас жігіт Қазақстан геосаяси мәселелерге байланысты 30-шы жылдардағы аштықты әлі геноцид деп тани алмайды деп санайды.

 – Менің ойымша, ел бұл тақырыпты көтеруден қорқады, өйткені бұл кейбір адамдармен қарым-қатынасты бұзуы мүмкін. Украина қазірдің өзінде Ресеймен барлық байланыстарды үзді, ал Қазақстан мұндай қадамға бара алмайды, – дейді ол.

Екі сағаттан кейін жиналғандар тарай бастады, акция соңында құран оқып, ескерткішке гүл шоқтарын қойылды.