×
537.34
623.05
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.34
623.05
6.65

Танымал қытайлық курортта тайфун болды: онда қазақстандықтар бар ма

Бүгін, 11:27
Танымал қытайлық курортта тайфун болды: онда қазақстандықтар бар ма
Фото: Threads/@fanfantour

Қытайдың Хайнань провинциясына «Кадзики» супертайфуны соққы берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тайфун бағыты мен күші

Метеорологиялық станцияның дерегінше, супертайфун Вьетнамның солтүстік және орталық жағалауларына қарай бет алған. Оның жылжу жылдамдығы шамамен сағатына 20 шақырым. Тайфун орталығы маңындағы желдің екпіні секундына 45 метрге дейін жеткен.

Эвакуация және қауіпсіздік шаралары

Жергілікті билік 20 мыңнан астам адамды эвакуациялады. 30 мыңнан аса балық аулайтын кеме портқа қайтарылды. Мектептерде сабақ уақытша тоқтатылып, кәсіпорындар жұмысын доғарды. Қоғамдық көлік қозғалысы мен кеме қатынасы да тоқтады.

Қазақстан азаматтары туралы мәлімет

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі редакциямызға берген мәліметінде консульствоға көмек сұрап немесе өзге мәселелер бойынша ешкім жүгінбегенін хабарлады. Біз «Туристiк Камкор» қорына да қазақстандық туристердің нақты саны туралы ақпарат алу үшін сауал жолдадық.

Бұған дейінгі жағдай

Айта кетейік, биыл маусым айында да туристер осы аралда тайфунға тап болған еді. Қолайсыз ауа райына байланысты Санья әуежайы бірнеше күнге жабылып, барлық рейстер кейінге шегерілген. Курорттарда қатты жел мен нөсер жауын тіркелді. Жергілікті билік төтенше жағдайдың төртінші деңгейін жариялаған болатын.

Серіктес жаңалықтары