×
518.39
603.09
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.39
603.09
6.68

АҚШ елге келетін қазақстандықтарға жаңа талап қоюы мүмкін

Бүгін, 08:35
АҚШ елге келетін қазақстандықтарға жаңа талап қоюы мүмкін
pixabay.com

АҚШ билігі шетелдіктерден елге визасыз кіру алдында олардың әлеуметтік желілердегі тарихын және басқа да жеке деректерін сұрауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Туристерге қойылатын жаңа талаптар

АҚШ билігі шетелдік туристерден соңғы бес жылдағы онлайн “өмірі” туралы мәліметтерді міндетті түрде талап ету мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл ұсыныс Кедендік және шекара қызметі тарапынан жарияланған. Бастама визасыз кіру бағдарламасы бойынша АҚШ-қа баратын 42 елдің азаматтарына әсер етеді. Тізімге Ұлыбритания, Франция, Германия, Оңтүстік Корея және басқа да мемлекеттер кіреді.

Қазіргі тәртіп бойынша, бағдарлама қатысушылары екі жылға рұқсат беретін ESTA жүйесін пайдаланады. Ол үшін байланыс деректері мен 40 доллар төлем жеткілікті. Алайда Кедендік және шекара қызметі міндетті ақпараттар тізімін айтарлықтай кеңейтуді ұсынып отыр.

Нені тексермек?

Құжатқа сәйкес, өтініш берушілерден мынадай деректер сұралуы мүмкін: соңғы он жылдағы электронды пошта мекенжайлары; отбасы мүшелері туралы көлемді ақпарат; соңғы бес жыл ішіндегі әлеуметтік желілердегі парақшалар тізімі. Қызметтің пікірінше, мұндай тексеріс қауіпсіздікті күшейтіп, шетелдіктердің елге кіруіне қатысты тәуекелдерді дәлірек бағалауға мүмкіндік береді.

Сала өкілдері мен заңгерлердің реакциясы

The New York Times сөйлескен туристік индустрия өкілдерінің айтуынша, билік бұл ұсынысты жариялар алдында саламен кеңеспеген. Сарапшылардың бірі бастаманы «шетелдік саяхатшыларға бақылауды айтарлықтай күшейтетін шара» деп атады.

Заңгерлер де ескерту жасап отыр: жиналатын деректер көлемін арттыру өтініштерді қарау мерзімін ұзартуы және елге кірген кезде қосымша тексеріске жіберілетін туристердің көбеюіне әкелуі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары