×
489.36
533.45
4.99
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.36
533.45
4.99

Талғардағы «ОПГ», Әленовтың әлі, қазақ тілін қорлаған Черчесов һәм кредит кешіріле ме – Ұлыс апта

19.10.2024, 19:41

Ulysmedia.kz порталы дәстүрге сай аптаның айшықты оқиғаларын шолып шықты.

Осы аптада Талғардағы трагедия көп талқыланды. Марқұм Шерзаттың әкесі Қаржаубай “әділдік жоқ, елден кетем” деп отыр. Қайғы жұтқан әкенің бұлай ашуын туғырған манипуляцияны жасап отырғандар кімдер? Ал Алматы облысының құқықтың тәртібіне соңғы екі жыл жауап берген Бауыржан Әленовтің қызметте өсіп, министр орынбасары аталуы моральдік этикаға жата ма? 

«Ресей жеңілмейді». Тоқаев осылай деп Ресей-Украина арасындағы қақтығысты шешу мәселесі жөнінде тағы пікір білдірді. Бұл не? Үлкен саясаттағы арам ойынның арты Қазақстанды жарға жығып жүрмесін.

«Жаңармаған Отаным» - осындай атаумен Қаңтар оқиғасы туралы өлеңдер жинағы жарыққа шықты. Кітап бірнеше автордың бірлестігімен жасалған. Олардың арасында Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшып, жақындарынан айырылғандары да бар.

Несие төлеуді кейінге қалдыруға болатынын да осы аптада көптің назарын аудартты. Жаңа заңға сәйкес енгізіліп жатқан жеңілдікті кімдер ала алады? Бүгінде 1,5 млн адам банк алдындағы қарызын жылдар бойы төлей алмай келе жатыр. Олардың несиесі кешірілуі керек пе?

Доллар құны 1000 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін бе? Қаржы саласының сарапшылары не дейді? 

Қазақ тіл мен тарихын білмейтіндер біздің елдің көк паспортын ала алмайды. Бірақ бұл Ресей, Белорус, Қырғыз азаматтарына қатысты емес. Оның себебі неде? 

Ал қазақ тілін қорлап, ана тілімізге тіл тигізген Черчесов айыппұлмен құтылды. Бірақ бұл қылықты спорт министрі кешіре салды. 

«Дубайда мүлкі бар қазақстандықтардың бәрін қаралай беруге болмайды». Елдегі екінші адам осылай деп мәлімдеме жасады. 

Ulysmedia.kz осы тақырыптарды тарқатып айтып береді. Порталдың YouTube желісінен шолуды көріп, тарата отырыңыздар!