Ulysmedia порталы өтіп бара жатқан аптаның басты оқиғаларының шолуын ұсынады.
Араға 4 ай салып, Путин Қазақстанға тағы келіп-кетті. Әуежайдан-ақ, «Жоғары мәртебелі Владимир Путин мырза» деп күтіп алып, көшеге қаптатып лед-экранға Ресей туын қоюымыз «даңғазалық» болған жоқ па?
3 орыс мектебін ашу, 3 ТЭЦ салу, АСЭ құрылысынан дәмету, орыс тілін дамыту, Ортақ тарих жазу – орыс әлемі тым қазаққа жақындап кеткен жоқ па? Путин Тоқаевқа көп алғыс айтты. Әрі «Қазақстан – орыс тілінде сөйлейтін ел» деді. Бұған не уәж айта аласың?
ОДКБ жиынының қазақ үшін мәні бар ма? Қаңтар оқиғасынан кейін оның мүше мемлекеттердің ішкі саясатына кірісуі жиіледі дейді саясаттанушы Дос Көшім. Бұл қауіпті ме? Путин Киев пен батысқа тағы «Орешник жіберемін» деп сес көрсетіп отыр.
Жаңаөзендегі мұнайшылар мәселесі әлі шешілген жоқ. Қара жұмысшылардың енді үміті Президентте. Ал әлеуметтік қиындық туғызатын мәселені реттеуге Энергетика министрінің зауқы жоқ. Тілшілер сұрағына да қазақша жауап бермеймін деп қыр көрсету қай сасқаныңыз, Сатқалиев мырза?
«Саяси тұтқын» деп танылған марафоншы Марат Жыланбаев 13 қарашадан бері түрмеде аштық жариялап отыр. Оның шағымын неге құзырлы орын қарамайды?
Бейімделгеннен басқа амал жоқ па? Құны шарықтап, доллар тағы рекорд орнатты – 525 теңге. Экономистер бұл әлі басы ғана дейді. Ал сасқан үйрек атрымен жүзеді дегедей Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтеріп жіберді.
«Өздерің би, өздерің қожа»: депутаттар министрлерге ренжулі. Биылдың өзінде бюджет бекітілген құжат 10 рет өзгертіліпті. Есепті дұрыс жүргізбейтіндер неге Үкіметте отырады?