×
523.17
550.06
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.17
550.06
4.93

Жаңаөзендегі ереуіл, Путиннің ашуы, Тоқаевтің орыс тілін қолдауы, Перизат Қайрат пен Алмасбек Садырбаев – Ұлыс апта

24.11.2024, 18:44

Ulysmedia.kz аптаның ең айшықты саяси оқиғаларын көрермен назарына ұсынады. 

Путин Украинаға жаңа баллистикалық ракетамен соққы жасағанын мәлімдеп, батысқа сес тағы көрсетті. Трамптың соғысты 24 сағатта тоқтамын деген уәдесі орындала ма? 

Ал Қазақстанда  «орыс тілі ұйымы» ақыры құрылатын болды. Орыс тілі шынында да Қазақстанның қорғауына мұқтаж ба? Ал қазақ тілі ше? 

Жаңаөзенде 10 күннен бері ереуіл. 1700-ге жуық мұнайшы еңбек шартына қойған 5 талабын неге «ҚазМұнайГаз» орындай алмай отыр? 

Ұшты ұшты - доллар бағамы ұшты. Ұлттық банк доллар бүгін 500, ертең 600 болуы мүмкін, назар салмаңыздар деп айтып салса, сауда министрі азық түліктің қымбаттайтынын ашық мәлімдеді.

8 млн адам декларация тапсырмайды. Тізімде зейнеткерлер де бар. Оның бірі құны млрд-тардан асатын 5 қордың иесі Нұрсұлтан Назарбаев. Үкімет неге уақыт таяғанда шешімін өзгертті?

Есебін көрмей ешкімге сенбе - қой терісін жамылған қайырымдылық қорлар қаптады. Перизат Қайраттың 1,5 млрд теңгені жалғыз жымқырғанына сенесіз бе? 

Сынағаны үшін «сындырғысы» келе ме? Алмасбек Садырбаев не үшін қамауға алынды? Санжар Боқаев бұл «тапсырыс» дейді. Ал Үкімет енді шаруаларға субсияда бермейміз деген шешім шығарып отыр.

Қалың мал енді мәхр болып есептеле ме? Діни басқарманың кезекті пәтуасы жігеттерді қуанту, қыздарды құнсыздандыру ма? 

Ұлыс аптада бәрін тарқатып айтып береміз. Лайк басып, шолуды тарата отырыңыздар.