«Ұлыс медиа» порталы өтіп бара жатқан аптаның басты оқиғаларының шолуын ұсынады.
«Теңгенің әлсіреуі инфляцияны күшейтеді». Ұлттық банк басшысы осындай мәлімдеме жасады. Тимур Сүлейменов неге сеніп тұр? Ал доллар болса, әне-міне 600 теңгенің шамасына шығайын деп тұр.
Бәрі қымбаттады. Азық-түлік бағасының да ырыққа көнетін түрі жоқ. «Үкіметте план «Б» бар ма? Дефолт болуы мүмкін деген сыбыс бар. Экономиканы тезете алмаса, Олжас Бектеновтың командасы отставкаға беру керек пе? Сарапшылар не дейді?
«Қазпошта» басшысы млн-даған бонустан бас тартса, «Самұрық-Қазына» төрағасы ондай әрекетке барғысы жоқ. Өйткені ол өзін жақсы жұмыс істедім деп есептейді. 90 млн теңгеге дейін бонус алатын қай топ-менеджер
Жаңаөзендегі 3 аптадан бері ереуілдетіп жатқан мұнайшылар жұмыстарына оралды. Бірақ талаптары аяқсыз қалса, қайта бас көтеруге уәде беріп отыр. «ҚазМұнайГаз» енді мәселені қалай реттемек?
Депутат Бақытжан Базарбекке спикер Ерлан Қошанов «ауыр айып тақпа» деп ұрысты. Парламенттен шыққан кикілжіңге не себеп?
Қанды үндеу: Думан Мұхамедкәрімді карцерге қамаған, ол өзін тілгілеп қабырғаға "оян, қазақ" деп жазғаны рас па? Неге 7 жылға жаза тағылған тәуелсіз журналист әлі изоляторда отыр?
Млн-дап жалақы береміз деп алдап, Ресейлік компания қазақ жігіттерін құлдықта ұстап жүр. «Сибирь групп» деген алаяқ компанияға қатысты тексеру жүре ме?
Қазақ мұнайын қытайлар басқара бастады. Қытайдан қорқу керек пе?
Саяси шолудың толық нұсқасын Ulysmedia.kz YouTube арнасынан көріңіздер.