Тура екі жыл бұрын Қазақстанның саяси сахнасына кенеттен келген «Республика» партиясы бүгінде өз көшбасшыларын жоғалтуда. Динара Шүкіжанованың Парламенттен кеткенінен кейін, енді Руслан Берденов та депутаттық мандатын тапсырып, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
САЯСИ МАНСАПТЫҢ ҚҰПИЯСЫ ҚАНДАЙ?
Қазақстанда саясатта биікке көтерілу оңай емес. Кәсіпкерліктен Парламентке, одан әкімдіктегі жоғары лауазымға дейін жету үшін қандай қадамдар жасау керек? Саяси амбиция мен саяси қателік арасындағы шекара қайда? «Бэтмен» деген лақап атқа ие болған Берденов Шымкентке қандай өзгерістер әкеледі? Ол мүдде қақтығысынан қорықпай ма? Бұл сұрақтардың жауабын ULYSMEDIA арнасында Самал Ибраеваға берген сұхбатында Руслан Берденовтің өзі берді.
СҰХБАТТЫҢ НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫПТАРЫ
Берденов мырзамен сұхбат барысында көтерілген маңызды мәселелердің бірі — Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас пен экономикалық тәуелділік. Сондай-ақ, ол қоғамдағы құндылықтар, жастар арасындағы дін мен тіл мәселелеріне қатысты өз пікірін білдірді.
“Көп адамдар өзіне жауапкершілік ала алмайды. Көп адамдар шешім қабылдайтын жерде қабылдай алмайды. Көп өңірлерде тып-тыныш отырған олар премия да алады, сөгіс алмайды солай жүре береді. Ал тырмысып жұмыс істеп жаңа жобаларды қойған адам әрқашан сынға түсіп жатады”,- деді Руслан Берденов.
Сонымен қатар, Берденов олигарх Қайрат Итемгеновтің қолдауына қалай ие болғанын, Ерлан Қошановты не үшін мақтағанын да ашық айтты.
Сұхбаттың толық нұсқасы ULYSMEDIA арнасында.