АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға әскери көмекті уақытша тоқтатып, Киев алдымен “бейбітшілікке адалдығын” көрсетуі керек деп мәлімдеді. Бұл соғыстың барысын қалай өзгертеді? Еуропалық одақ қалай әрекет етеді? Қазақстан үшін геосаяси дауылдың қандай салдары болуы мүмкін?
Бұл тақырыптарды Гарвард университетінің зерттеушісі, саясаттанушы, қазақстандық сарапшы Сағит Бәкіровпен талқылаймыз.
АҚШ-тың қолдауынсыз Украина не болмақ?
Қазақстанның геосаясаты мен рөлі қалай өзгереді?
Еуропалық Одақ жаңа сын-тегеуріндерге дайын ба?
Сонымен қатар, Сағит Бәкіров Қазақстанның геосаяси перспективалары туралы жан-жақты баяндап, елдің кадрлық саясатына қатысты пікір білдірді. Даму жөніндегі көзқарасын айтты. Мемлекеттік қызметте және стратегиялық жоспарлау агенттігінде жұмыс тәжірибесі бар маман ретінде ол елдің болашағына қатысты құнды инсайттар ұсынды.