×
521.9
593.5
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.9
593.5
6.39

Лавровтың аузымен Кремль не дегісі келеді? Шерзат соты қалай өтті — Ұлыс апта

Бүгін, 21:14

Ulysmedia.kz өтіп бара жатқан аптаның басты оқиғаларына шолу жасап, оқырман назарына ұсынады.

Осы аптада ел назарында болған басты оқиғаларды шолып шығайық. 

​«Лавров Тоқаевпен келіспейді». Ресей министрі Қазақстан президентінің территориялық тұтастықты сақтауға басымдық беру қажеттігі туралы тұжырымымен келіспейтінін, Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысында ұлттардың өзін-өзі анықтау құқығы да қарастырылғанын айтты. Бұл пікір қазақ қоғамын дүр сілкіндірді. Артынша Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен сөйлесті. Өзге елдің ақпарат құралдары бұл туралы не жазып жатыр? Депутаттардың пікірі қандай? Бәрін қамтып, саралауға тырыстық. 

​Көпті телмірткен тікелей эфир. Бұл – Шерзат Полаттың өліміне байланысты сот процесінің қысқаша сипаттамасы. «Талғар ісі» деген атпен шулы болған қанды оқиғаның ақ-қарасын анықтау барысын отырысқа қатысушылар ғана емес, мыңдаған қазақстандық та көре алады. Бишімбаев сотының ізімен қолға алынған бұл шешім әділетті үкімге жеткізе ме? Заңгерлер «шоу болып кетпесін» деп не себепті алаңдап отыр? Талдап көреміз.

​Айтпақшы, осы апта президент қауіпсіздік кеңесін жинады. Халықтың әл-ауқаты мәселесі талқы болды. Олай жиналуға не себеп? Осындай қысылтаяң кезде ел экономикасын басқаруға көмектеседі деген банктердің өзіне көмек керек сияқты. Мемлекеттік органдар қаржы институттарын демеуге ниеттеніп отыр. Елдегі ахуал жайлы толығырақ баяндаймыз.

​Сондай-ақ бюджет қаражатын сүлікше сорып келген легионер спортшылардың дәурені өтті деуге болатын іспетті. Ақордада тиісті заңға қол қойылды. Майшелпек тоқтады, арты не болады? Зерделеп көрейік. Енді рет-ретімен тоқталсақ. Шолуымызды бөлісе отырыңыздар.

Серіктес жаңалықтары